
АПВ-ға қарсы вакцинация тіркелген жері бойынша емханаларда немесе мектептердің егу кабинеттерінде тегін негізде жүргізіледі.
ДДҰ-ның ұсынымын ескере отырып, 11 жастағы қыз балаларға, 12-13 жастағы қыздарға жоспарлы АПВ-ға қарсы толықтыра иммунизация жүргізіледі.
Вакцинация курсы 6 ай аралықпен вакцинаның 2 дозасынан тұрады.
АПВ-ға қарсы вакцинасы стандартты 0,5 мл көлемде иықтың дельта тәрізді бұлшықет ішіне енгізіледі.
Вакцинация ата-аналардың немесе заңды қамқоршылардың ақпараттандырылған келісімімен, қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда дәрігердің қарауынан кейін жүргізіледі.
Екпе алғаннан кейін, егілген адамдарға иммундаудан кейін жағымсыз көріністер туындаған кезде шаралар қабылдау үшін медициналық ұйымдарда немесе білім беру ұйымдарында медициналық қызметкердің бақылауында 30 минут бойы болу ұсынылады. Кейіннен медициналық қызметкер алғашқы үш күн ішінде үйде (инъекция орнын тексеру, жалпы жай-күйі туралы сауалнама, дене температурасын өлшеу) бақылауды қамтамасыз етеді.
Құрметті ата-аналар, балаларыңыздың денсаулығы сіздің қолыңызда, АПВ-ға қарсы екпені алыңыз және сау болыңыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1045858?lang=kk
Жауап қалдыру