
Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен апталық аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Кезекті аппараттық мәжілістің күн тәртібінде 2025 жылдың І жартыжылдығының қорытындысымен индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы және ауыл округі әкімдерінің рейтингтік көрсеткіштері туралы, сондай-ақ, жаңа оқу жылына дайындық және білім саласында атқарылған жұмыстар туралы мәселелер талқыланды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Асқар Көлбай баяндама жасап, жоспарлы жұмыстардың орындалу барысына тоқталды.
Жиында ауыл округтердегі жұмыс орындарын құру, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны, азаматтар өтініштерін уақытылы қарау және шағын орта кәсіпкерліктің өнім шығарылымы бойынша көрсеткіштері мен осы бағыттағы жоспарлы жұмыстарды кезең-кезеңімен іске асыру үшін қажетті шараларды тиісті деңгейде ұйымдастырудың маңыздылығын айтқан Қайрат Жолдыбайұлы жауапты бөлім басшылары мен ауыл округтерінің әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
Жиын барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.Шербаев жаңа оқу жылына дайындық және білім саласында атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.
Отырар аудандық білім бөліміне қарасты білім беру мекемелерінің ғимараттарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық білім басқармасы арқылы қаржы қаралып, мердігерлер анықталған. Бүгінде жөндеу жұмыстары басталып, кезең-кезеңімен іске асуда. Жазғы демалыс күндері де аяқталып, жаңа оқу жылы жақындап келеді. Осыған байланысты аудан басшысы мектептердің жаңа оқу жылына дайын болуы керектігін айтып, жөндеу жұмыстарының уақытылы сапалы жүргізілуін қадағалауды тапсырды.
Мәжілісте көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, алда атқарылған жұмыстар пысықталды. Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты нақты тапсырмалар беріп, тапсырмалардың орындалуы өз бақылауында болатынын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1045705?lang=kk
Жауап қалдыру