
Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте аудан көлеміндегі коммуналдық меншіктегі мүліктердің құжаттарының жай-күйі туралы жан-жақты қаралды.
Кеңеске аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев, аудандық мәслихат төрағасы Мұхтар Шайдаев және аудан активі қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімдігі қаржы бөлімінің басшысы Маржан Байгелді баяндама жасап, елді мекендердегі коммуналдық меншіктегі мүліктердің жай-күйіне тоқталды.
Аудан басшысы ауылдардағы бос тұрған ғимаратты округ теңгеріміне алу, қажет болса кезекке сәйкес тұрғын үй ретінде беру немесе округке қажетті ғимарат ретінде пайдалану қажеттігіне басымдық беру керектігін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhambyl/press/news/details/1045666?lang=kk
Жауап қалдыру