
2025 жылғы 31 шілдеде Аршалы аудандық мәслихатының депутаты А.А. Кузьмичев жергілікті қоғамдастық өкілдерімен және Аршалы кентінің әкімі Қ.М. Джандыбаевпен бірлесіп Аршалы кентінің станциясында тұрғындармен жиын өткізді.
Кездесу барысында абаттандыруға қатысты проблемалық: станция көшелерінің жекелеген учаскелерінде толтырудың болмауы, өсіп кеткен өсімдіктер мен аумақтың сыртқы келбетін жақсарту үшін ағаштарды санитарлық кесу қажеттілігі мәселелері көтерілді.
Жиын қорытындысы бойынша демеушілердің қолдауымен көшелерді толтыру жұмыстары жедел жүргізілді. Сондай-ақ, кент әкімдігімен шөп шабу, ағаштарды кесу жұмыстарын атқару үшін мердігерлік ұйымдар жіберілді. Барлық жұмыстар екі күн ішінде аяқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-arshali/press/news/details/1045415?lang=kk
Жауап қалдыру