«Астық 2025» конференциясындағы басты жаңалықтар мен болжамдар

Жарияланды:

Автор:

категорияда
  • 2024/25 МЖ (маркетингтік жылдары) Қазақстан 580 мың тоннаға жуық қатты бидай (дурум) экспорттайды, бұл өткен маусымның көрсеткішінен 63% – ға артық (355 мың тонна). Мұндай болжамды Қазақстанның Астық одағының Талдау комитетінің басшысы Евгений Қарабанов Қостанай облысында өткен “Астық 2025” халықаралық конференциясында айтты.

Бұл Қазақстан сыртқы нарықтарға 646 мың тонна қатты бидай жөнелткен 2022/23 МЖ рекордтық көрсеткіштен кейінгі екінші ең жоғары көрсеткіш,- деп нақтылады сарапшы.

Қазақстандық дурумның басты сатып алушысы – Италия. Ағымдағы маусымның 10 айында бұл бағытта шамамен 400 мың тонна жөнелтіліп те қойған (өткен маусымда осы кезеңде – шамамен 317 мың тонна).

  • 2025 жылдың басынан бастап Азық-түлік корпорациясы ішкі нарықта және экспортқа 850 мың тоннадан астам астық сатты. Мұндай мәліметтерді компанияның басқарушы директоры Тобылбек Омаров айтты.

«2025 жылдың бірінші жартыжылдығында корпорация 850 мың тоннадан астам астық сатты. Осы көлемнің 200 мың тоннадан астамы шетелдік нарықтарға жөнелтілді, бұл 2024 жылғы осыған ұқсас кезеңнің көрсеткіштерінен екі есе артық. Экспорттық жеткізілім географиясы стратегиялық маңызды бағыттарды қамтиды. Осылайша, компанияның негізгі серіктестері Қытай, Иран, Тәжікстан және Қырғызстанның мемлекеттік құрылымдары болып табылады», – деді Т. Омаров.

  • Ағымдағы жылы Қазақстанда күнбағыс тұқымының рекордтық түсімі – 1,7 млн тонна деңгейінде күтілуде. Мұндай болдамды Майды дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығының (МДҚҰҚ) стратегиялық даму жөніндегі атқарушы директоры Андрей Антонов айтты.

Майлы дақылдардың жалпы жиналымының осындай көрсеткішімен Қазақстан күнбағыс тұқымын өндіруден әлемде 6-шы орынға ие болмақ, іс жүзінде 1,8 млн тонна өнім түсімін алу болжанып отырған Түркияны қуып жетпекші.

Спикер атап өткендей, 2025/26 МЖ-да әлемдік күнбағыс өндірушілердің 4 үздік тобына дәстүрлі түрде Ресей Федерациясы (жалпы жиналым болжамы – 18 млн тонна), Украина (13,1 млн тонна), ЕО елдері (9,5 млн тонна) және Аргентина (4,3 млн тонна) кіреді.

  • Қазақстанкүнбағыстұқымыныңэкспортынабаж салығын енгізгенненкейін,топ-импорттаушылардыңбірі – Өзбекстан-қазақстандық мұнай шикізатыныңимпортынкүртқысқартып,тазартылмағанкүнбағысмайынсатып алуды ұлғайтты. Соныменқатар,өзбекбизнесмендеріӨзбекстанғамайды одан әріэкспорттаумақсатындаҚазақстанаумағындамайлы майларды қайта өңдеукәсіпорындарынбелсенді түрде ашуда.БұлтуралыӨзбекстанның аграрлықнарықжәнелогистика жөніндегі сарапшысыӘлішерМахмудовайтып берді.

«Біздің көптеген серіктестеріміз Қазақстанда – Петропавлда, Өскеменде, Шымкентте және басқа да қалаларда май зауыттарын салуда. Құрылтайшылары – біздің өзбек кәсіпкерлеріміз. Қазақстанда майлы лақылдарды өңдеп, дайын өнімді Өзбекстанға жөнелтетін болады», – деді сарапшы.

Оның мәліметінше, бүгінгі таңда Өзбекстанда өсімдік майының жалпы тұтынылуы шамамен 491 мың тоннаны құрайды. Осы көлемнің 251 мың тоннасы жергілікті шикізаттан, 98 мың тоннасы импорттық май тұқымынан, тағы 142 мың тоннасы дайын өнім түрінде импортталады. Республикада 509 май және тоң май кәсіпорындары бар.

  • Көлік субсидияларын енгізудің арқасында, қазақстандық астық экспорттаушыларға ағымдағы маусымда Әзербайжан, Ақтау-порт (Иранға), Балтық порттары (және одан әрі Еуропаға) сияқты бұрын нашар ұсынылған бағыттарға тиеуді ұлғайтудың сәті түсті. Бұл туралы «Астық Транс» АҚ коммерциялық жұмыс жөніндегі вице-президенті (Қазақстанның астық тасымалдаушыларының ірі операторы) Жандос Қуанышев айтты.

Сондай-ақ, ол Орталық Азияға астық тасымалының ұлғаюына қарамастан, бұл бағыттың үлесі төмендегенін, бұл жаңа нарықтарды әртараптандыру жөніндегі сауатты мемлекеттік саясаттың арқасында мүмкін болғанын атап өтті.

«Жаңа нарықтарға шығу мүмкіндігі ішкі нарықтағы бағаның өсуіне әкелді, бұл бастапқыда көлік шығындарын жабуға арналған көлік субсидияларының мөлшерін тиімді түрде теңестірді. Осылайша, алыс қашықтыққа тиеу кезінде көлік шығындарын жабуға арналған көлік субсидияларының сомасы іс жүзінде ішкі бағалардың өсуіне алып келді», – деп есептейді «Астық Транс» өкілі.

  • Естеріңізге сала кетейік, өңірдегі ең ірі«Астық2025»халықаралықконференциясы«JańaDala/Qarqyn’2025» халықаралық ауыл шаруашылығыкөрсетім-көрмесіаясындаөтті.АстықнарығынақатысушыларфорумыҚостанайоблысыМеңдіқараауданындағы«Восток-1»ЖШС және «АгрофирмаҚарқын»ЖШС көрсетім алаңдарындаөтті.

Жаңа астық маусымының басталуы қарсаңында ауқымды іс-шара алғаш рет бір алаңда 500-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, астықты сатып алумен, сатумен және халықаралық саудамен айналысатын компаниялардың өкілдерін, агротехнологиялардың, техника мен жабдықтардың өнім берушілерін жинады. «Астық 2025» жұмысына трейдерлер, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, фермерлік шаруашылықтар және агроқұрылымдар, элеваторлар, ұн тарту зауыттары және астықты тікелей өсіретін және өңдейтін басқа да компаниялар қатысты.

Ауыл шаруашылығы өнімдері нарығының өзекті мәселелерін талқылау және байланыс орнату үшін, «Астық 2025» халықаралық конференциясына өзбекстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер – «Узёгмойсаноат» май және тоң май өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының өкілдері қатысты.

«Астық 2025» ұйымдастырушылары – «АӨК-Информ» ақпараттық-талдау агенттігі, ТМД елдеріндегі аграрлық тақырыпта көрсетілетін ақпараттық қызметтер нарығындағы көшбасшы және «EXPO TIME» компаниясы – Қазақстандағы АӨК саласындағы халықаралық көрмелердің жетекші ұйымдастырушыларының бірі.

_____________________________________________

«Jańa Dala / Green Day ‘2025» ақпараттық орталығы,

Ринат Тасбулатов, 8-701 460 91 82, e-mail: rinat_tas@mail.ru

https://expotime.kz 

https://t.me/jana_dala 

https://www.instagram.com/jana_dala_greenday/

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1045659?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді