
Атырау облысы аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1–3 тамыз аралығында патрульдік полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шара жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – көлік құралдарының жарық шамдарының техникалық талаптарға сәйкестігін тексеру.
Соңғы уақытта жүргізушілер арасында көліктерге зауыттық стандарттарға сәйкес келмейтін, рұқсат етілмеген LED және ксенон шамдарын орнату деректері жиілеген.
Мұндай жарық құрылғылары:
• Қазақстан Республикасының техникалық регламенттері мен жол қозғалысы ережелеріне қайшы келеді;
• Жол-көлік оқиғаларының туындауына себеп болуы мүмкін. Рұқсат етілмеген жарық шамдарын орнату – әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтырады.
Осы ретте, Атырау облысы полиция департаменті көлік шамдары міндетті түрде зауыттық стандарттарға сәйкес болуы тиістігін, жол қауіпсіздігі – әрбір жүргізушінің азаматтық міндеті және қажетсіз артық жарық – жолдағы өзге азаматтардың өміріне қауіп төндіретіндігін ескертеді.
Полиция қызметкерлері барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және өз өмірі мен өзгенің өміріне жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1045403?lang=kk
Жауап қалдыру