
Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс 34 сессиясы өтті. Жиынға мәслихат төрағасы Тұрабаев Мұрат Өскенбайұлы төрағалық етті.
Сессия жұмысына аудан әкімі А. Жандарбеков, аудандық мәслихат депутаттары, мәслихат аппараты, аудандық бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде «2025–2027 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 19 желтоқсандағы №24/8 шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.
Аталған мәселе сессия алдында өткен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында жан-жақты талқыланған болатын. Соған сәйкес, сессия барысында ұсынылған мәселе депутаттар тарапынан қолдау тауып, ұсыныс-пікірлер ескеріліп, тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shieli/press/news/details/1045939?lang=kk
Жауап қалдыру