
Бүгін Павлодар облысы Әділет департаментінің басшысы Маржан Имятова облыс әкімдігінің Азаматтарды қабылдау орталығында өтініш берушілерге кеңес берді. Азаматтарды қабылдау барысында Ж. есімді тұрғын алимент мөлшерін азайту, алимент бойынша берешекті төлеуден босату, кепілді мемлекеттік заң көмегін алу үшін заңгерді ұсыну мәселелерімен жүгінді.
Қабылдау барысында өтініш берушіге туындаған мәселелер бойынша көмек көрсетіліп, ұсыныстар берілді.
Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысының Әділет департаменті заңнама аясында азаматтардың мәселелерін шешуге әрқашан дайын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-pvl/press/news/details/1045423?lang=kk
Жауап қалдыру