
БАҚ өкілдері алдымен аудан орталығында орналасқан «Adina» тігін цехында болды. Кәсіп иесі Гүлім Балықбаеваның мамандығы-модельер-конструктор. Ол бұған дейін Астана және Қарағанды қалаларында мамандығы бойынша жұмыс жасаған. Көзбен көріп көңілге тоқығандары мен жинаған тәжірибесі тігін цехын ашуға түрткі болған. 2,5 пайызбен несие рәсімдеп 4,5 млн. теңге кәсібін кеңейткен.
Журналистерді «Нұр-Дос» жиһаз өңдеу цехының қолға алған жұмысы қызықтырмай қоймады. Жеке кәсіпкер Досбол Байжановтың сөзінше, олардың жиһаз жасаумен айналысып келе жатқанына 15 жыл уақыт болған. Қазір арнайы дүкен мен жиһаз цехын ашып, кәсіптерін кеңейткен.
Бақ өкілдері «Talas investment company» ЖШС, «Karatau chemicals» ЖШС сынды кәсіпорындарды аралап, операторлар бақылап отырған мониторлардан химиялық реакция арқылы өнімді шығару процесімен танысты.
Мұнан соң пресс-тур Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығында жалғасты. Журналистерге аудандық мәдениет саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен қолға алынған бастамалар жайлы баяндалды.
Сонымен қатар, қаладағы қайта жаңғыртудан өтіп жатқан көппәтерлі тұрғын үйлер мен көше жолдарының құрылысы және балалар ойын алаңшасының сапасы таныстырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1045987?lang=kk
Жауап қалдыру