
Активтерді қайтару жөніндегі комитет Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы бағдарламалар офисінің қолдауымен «Азаматтық тәркілеу тетігін қолдану және жақсарту: халықаралық тәжірибе және активтерді қайтару әлеуетін арттыру» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды.
Іс-шараға Ұлттық қауіпсіздік комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің, қаржылық мониторинг және прокуратура органдарының қызметкерлері, сондай-ақ Қайтарылған активтерді басқару компаниясының өкілдері қатысты.
Спикер ретінде шақырылған халықаралық сарапшы Оксана Гыскэ семинар барысында қатысушыларды азаматтық тәркілеу саласындағы негізгі халықаралық стандарттармен, оның тетіктерімен және активтерді қайтару саласындағы ынтымақтастық құралдарымен таныстырды.
Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушыларға курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды.
Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, алынған білімдер қызметкерлердің кәсіби әлеуетін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kva/press/news/details/1045813?lang=kk
Жауап қалдыру