
Бүгін аудандық орталық кітапханада қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Әлем таныған Абай» атты конференция өтті. Аталған конференцияға тілдерді оқыту орталығының оқытушысы А. М. Бексатова «Туған жерге деген махаббат — қасиетті сезім» тақырыбында баяндама жасап, ұлы ақынның шығармашылығынан үзінді оқыды. Аталмыш шараға аудандық редакция, достық үйі, жастар ресурстық орталығы, О. Бөкей атындағы қазақ орта мектебінің кітапханасы және балалар музыка мектебінің қызметкерлері де қатысты. Шара соңында қатысушылар орталықтандырылған кітапхана жүйесі басшысының алғысхатымен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe/press/news/details/1046065?lang=kk
Жауап қалдыру