Целиноград ауданында 16 жасар қызды іздеуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2 тамызда Қоянды ауылының тұрғыны 2008 жылы туған немересі Алмасхан Гүлсінайдың жоғалып кеткені туралы Целиноград ауданының полиция бөліміне өтінішпен жүгінді. Қыз 25 шілдеде сағат 19.00 шамасында үйден кетіп, осы уақытқа дейін оралмаған.
Белгілері: дене бітімі арықша келген, бойы 165 см, шашы ұзын, көздері көк; Ақ футболка, ақ шалбар және сары кроссовка киген.
Жасөспірімнің жоғалып кету фактісі бойынша полиция бөлімінің барлық жеке құрамы бағдарланған, шекара маңындағы аудандар және Астана қ.ПД бағдарланған. Белсенді іздеу шаралары жүргізілуде.
Қызды көрген немесе оның орналасқан жері туралы ақпараты бар барлық адамдардан 102 телефоны бойынша дереу хабарлауды сұраймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1046091?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді