
Монша, сауна мен бассейндер – көпшілік баратын орындар. Ылғалды әрі жылы ортада паразиттер, саңырауқұлақтар мен бактериялар белсенді көбейеді. Терідегі ұсақ жарықтар мен көзге көрінбейтін зақымдар арқылы инфекция ағзаға енуі мүмкін.
Өзіңізді жұқпадан қорғау үшін келесі ережелерді сақтаңыз:
• Міндетті түрде жеке резеңке аяқ киім киіңіз.
• Ауру белгілері (дене қызуының көтерілуі, жөтел, тұмау, бөртпе, іш өту және т.б.) байқалса, моншаға бармаңыз.
• Жеке гигиенаны сақтаңыз, тек қана жеке заттарыңызды (сүлгі, шәрке, жайма, жөкелеуіш, бас киім) пайдаланыңыз.
• Бу бөлмесіне кірер алдында сабынмен душ қабылдау – міндетті.
• Адамдармен тығыз байланыстан және қатты сөйлеуден аулақ болыңыз, әсіресе ылғалдылығы жоғары бөлмелерде – себебі вирустар ауадағы бөлшектермен (аэрозольдермен) таралуы мүмкін.
• Өзгелермен жеке заттарыңызды, сусындарыңызды, ыдыстарыңызды бөліспеңіз.
• Ортақ пайдаланатын беттермен (есіктің тұтқасы, крандар, шкафтар және т.б.) жанасқаннан кейін қолды антисептикпен өңдеңіз немесе сабынмен жуыңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-abay/press/news/details/1046052?lang=kk
Жауап қалдыру