
Бескөл ауылдық округ әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Интернет алаяқтықтан сақ болыңыз» атты ақпараттық-түсіндіру акциясы өткізілді. Іс-шараның мақсаты — тұрғындарды интернет алаяқтарының түрлі айла-тәсілдерінен хабардар ету, цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және алаяқтық жағдайларынан сақтандыру.
Акция барысында азаматтарға интернет алаяқтықтың жиі кездесетін түрлері, олардың белгілері және алаяқтарға алданбау жолдары туралы ақпарат берді. Қатысушыларға ақпараттық парақшалар таратылып, нақты мысалдар келтірілді.
Сонымен қатар, шара аясында қатысушылар өздерінің сұрақтарын қойып, құқық қорғау органдары мен киберқауіпсіздік мамандарынан нақты кеңестер алды.
Мұндай шаралар азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға және онлайн қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-beskol/press/news/details/1045682?lang=kk
Жауап қалдыру