
2025 жылғы 5 тамызда қоғамда «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерлету бойынша Концепциясы шеңберінде Ақмола облысы Әділет департаментімен адвокаттың, нотариустың және жеке сот орындаушылардың қатысуымен «Кокшетау Минералды сулары» АҚ -да «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді.
Аталған шараның мақсаты – жүгінген азаматтарға білікті құқықтық көмек көрсету болып табылады.Кездесу барысында азаматтарға алимент өндіру, мүлікті жекешелендіру, банк қырыздарын өтеу, зейнетақы төлемдері мен басқа да құқықтық мәселелер бойынша көмек көрсетілді.
Департамент өкілімен жүгінген азаматтарға тауар белгілерін қорғау сондай-ақ, цифрлық көмекші (чат-бот) арқылы заң көмегін алу мүмкіндігі туралы ақпарат беріп, кешенді әлеуметтік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу бойынша ақпарат ұсынылды.
Ақмола облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akm/press/news/details/1046015?lang=kk
Жауап қалдыру