Мемлекеттік наградалар жүйесі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк қызмет мемлекеттi басқару жүйесiндегi маңызды буын болып табылады және өздерiн халыққа және елге қызмет етуге арнаған мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбегi ерекше танылуға лайық. Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегін, жемісті және қоғамдық қызметі, еңбек ерлігі үшін мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік наградалармен марапатталады.
Қазақстанда ордендер, медальдар, құрметті атақтар мен құрмет грамотасын қамтитын мемлекеттік наградалар жүйесі бар. Мемлекеттік қызметшілер үшін мыналар неғұрлым маңызды болып табылады:
«ОТАН» ордені
Азаматтар мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі, экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті дамытудағы, сондай-ақ мемлекеттік, қорғау және әскери қызметтегі ерекше еңбегі үшін марапатталады.
«ПАРАСАТ» ордені
Азаматтар мемлекеттiк, қоғамдық, ғылыми, мәдени, бiлiм беру және әлеуметтiк қызметке сiңiрген еңбегi үшiн наградталады.
«ҚҰРМЕТ» ордені
Азаматтар еңбекке сіңірген еңбегі, мемлекеттік, қоғамдық және әлеуметтік қызметтегі жетістіктері үшін, сондай-ақ экономиканың, ғылымның, мәдениеттің, білім берудің және басқа да салалардың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін марапатталады.
«ЕРЕҢ ЕҢБЕГІ ҮШІН» медалі
Азаматтар еңбек сіңірген еңбегі, жұмыстағы жоғары көрсеткіштері, экономиканың түрлі салалары мен әлеуметтік саланы дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталады.
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ» құрметті атағы
Мемлекеттік, қоғамдық және еңбек қызметіндегі аса үздік еңбегі үшін, экономика, ғылым, мәдениет және басқа да салалардағы ерекше жетістіктері үшін беріледі.
Мемлекеттік қызметшілердің еңбегі мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының негізі болып табылады. Отанға сіңірген еңбегі үшін берілетін мемлекеттік наградалар мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігіне қол жеткізу және мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайту үшін маңызды ынталандыру болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/1046017?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді