
Неліктен БЖЗҚ дербес деректерді өңдеуге келісім сұрайды?
Қазір мемлекеттік немесе қаржылық қызметтерді алу кезінде азаматтардан дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім сұралады.
Сол себепті БЖЗҚ Жеке кабинетіне алғаш кірген кезде сізден бір реттік келісім алады.
– БЖЗҚ деректерді зейнетақы қызметтерін көрсету үшін пайдаланады;
– Мәліметтерді құпия әрі қауіпсіз түрде сақтайды;
– Жеке деректер тек ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда беріледі.
Келісім бере отырып:
– Құжат көшірмелерін ұсынбайсыз;
– Мәліметтер автоматты түрде жаңарып отырады;
– Қызмет көрсету жылдам әрі ыңғайлы болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-e-kotibarov/press/news/details/1045376?lang=kk
Жауап қалдыру