Нидерландтық инвестор Қазақстанда жоғары технологиялы конвейерлік роликтер өндірісін іске қосады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшісі Қайрат Әбдірахманов пен нидерландтық REPA Conveyor Equipment компаниясының басшысы Ричард ван дер Лаан арасында кезекті кездесу өтті.

Кездесу барысында компания басшылығы алдағы қыркүйек айында Қарағанды обл. аумағында конвейерлік роликтер шығаратын өндірістің іске қосылатынын ресми түрде жариялады. Жоба компанияның Қазақстанда жоғары технологиялық өндірістік қуаттарын орналастыру бағытындағы алғашқы кезеңі болмақ.

REPA Conveyor Equipment компаниясы қазақстандық нарықтың әлеуетін жоғары бағалап, өнеркәсіптік өндірісті дамыту тұрғысынан оның тартымдылығын атап өтті. Нарықтық мүмкіндіктерді ескере отырып, компания өз қызметін одан әрі кеңейтуді көздеп отыр. Болашақта роликтерден бөлек, конвейерлік барабандар мен конвейерлік ленталар өндірісі жолға қойылады деп жоспарлануда.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілік танытып, өнеркәсіптік және технологиялық әріптестік мәселелері бойынша пікір алмасты.

REPA Conveyor Equipment — конвейерлік жүйелерге арналған компоненттерді, соның ішінде роликтерді, барабандарды, тірек құрылымдар мен металл конструкцияларды жобалау және өндірумен айналысатын Нидерландтағы өндірістік компания. Компания өнімдері қалдықтарды өңдеу, цемент өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі және тау-кен өндірісі сияқты салаларда қолданылады. REPA шешімдері жоғары шаңдылық, ылғалдылық және өзге де күрделі өндірістік жағдайларға бейімделген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1045827?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді