
Қарақобда ауылында ауызсумен тұрақты қамтамасыз ету мәселесі шешілді
Қарақобда ауылында орталық су құбырының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында дизельді генератор орнатылып, бүгінгі күні толық іске қосылды. Бұған дейін электр энергиясы ажыратылған жағдайда су беру уақытша тоқтайтын. Енді кез келген жағдайда ауыл тұрғындары ауызсумен тұрақты қамтылатын болады.
Генераторды орнатуға қолдау көрсеткен аудандық әкімдікке, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне және «Алға Жылу» мекемесіне ризашылығымызды білдіреміз.
Жаңа жабдықтың халық игілігі үшін тиімді қызмет атқаратынына сенім білдіреміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-karaqobda/press/news/details/1045951?lang=kk
Жауап қалдыру