Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің бастамасымен «Республикалық өсімдіктер карантині орталығы» ММ жұмысын жандандыру мақсатында арнайы автокөлікке жылжымалы жедел зертхана жабдықталды. Бұл жылжымалы зертхана карантиндік өнімдердің экспресс сараптамасын жасауды көздейді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аталған автокөліктегі жылжымалы жедел зертхана қазіргі уақытта Жамбыл облысы Қордай ауданы «Қордай» фитосанитарлық бақылау бекетіне орналастырылып оң нәтиже көрсетуде. Комитет тарапынан ұйымдастырылып жатқан бұл шаралар өз кезегінде карантинге жатқызылған өнімдердің экспорттық және импорттық өнімдерін жедел сараптамадан өткізуге, елдің фитосанитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен бақылау мен қадағалау жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/agroindust/press/news/details/1045739?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді