Қостанай облысының әкімінің тапсырмаларын іске асыру аясында Жітіқара қаласында инфрақұрылымды дамыту бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.
Жітіқара қаласы әкімдігінің мәліметінше, 2025 жылы келесі жұмыстар атқарылуда:
4, 6, 7 және 11-шағын аудандарда орамішілік өтпе жолдарды ағымдағы жөндеу жобалары іске асырылды.
Таран, Чернаткин, Комсомол және Кирзавод көшелері бойында автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Ш. Уәлиханов, Таран, Ленин көшелері бойынша жаяу жүргіншілер жолдары жөнделуде.
3, 4, 5в, 11-шағын аудандар мен Пионерская көшесі бойында жаңа балалар ойын және спорт алаңдары орнатылды.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай интернационалист жауынгерлерге арналған ескерткіш, ҰОС мемориалдық кешені, Кеңес Одағының батыры Е. Есжановтың мүсіні және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіштер қалпына келтірілді.
Қалада көгалдандыру, жарықтандыру, аялдамаларды жөндеу және бейнебақылау жүйелерін жаңарту жұмыстары жүргізілуде. 71 камераға қызмет көрсетілуде, 39 жаңа бейнекамера орнатылды.
«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында «Көбелегі бар алма» атты декоративті топиарий орнатылды.
Сонымен қатар, рұқсат етілмеген полигондарды жою, ағаштарды кесу, ірі көлемді қалдықтарды шығару және санитарлық тазалық бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Бұл шаралардың барлығы – Жітіқара тұрғындарының өмір сапасын арттыру мен жайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған.
Жауап қалдыру