Салық салынатын табысты қайта есептеу және жеке табыс салығын қайтару мерзімі ұзартылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бұл құқықты кім және қалай пайдалана алады?

БЖЗҚ туралы өзекті мәселелер

  • ҚР қолданыстағы Салық кодексіне жеке табыс салығын өтеу бойынша талап қою мерзімдеріне қатысты қандай өзгерістер енгізілді?

 

Қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес тұрғын үйге немесе емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдаланған кезде жеке табыс салығын (ЖТС) төлеуді салымшының таңдауы бойынша БЗТ алған кезде бірден немесе зейнетақыға дейін кейінге қалдыру арқылы жүзеге асыруға болады. Сонымен қатар, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік осал санаттарға жататын адамдар БЗТ түріндегі кірістерден стандартты салық шегерімдеріне (882 АЕК[1] шегінде) құқылы. Алайда, көптеген адамдар БЗТ алған кезде ЖТС-ті бірден төледі. Бұл жағдайда әлеуметтік осал топтарға жататын алушылар ұсталған ЖТС-ты қайта есептеп, қайтарып алу үшін БЖЗҚ-ға тиісті өтінішпен және растайтын құжаттармен жүгіне алады. Бұрын мұндай құжаттарды тапсыру мерзімі үш жыл болған. БЗТ-ны 2021-2022 жылдары алған азаматтар әр түрлі себептермен бұл мүмкіндікті пайдаланып үлгермеген. 2025 жылғы 15 шілдеде қолданыстағы Салық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бұл өзгертулерге сай, жеке тұлғалардың осындай өтініштері үшін белгіленген талап қою мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартылды.

 

  • ЖТС-ты қайта есептеп, қайтару құқығын кім пайдалана алады?

 

        Салық салынатын табыс пен ЖТС-ты қайта есептетуге құқығы бар жеке тұлғалардың тізбесі қолданыстағы Салық кодексінде айқындалған. Бұл бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектігі бар тұлғалар, мүгедек балалардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының бірі, бала асырап алушылардың бірі, жетім балалардың асырап алушы ата-аналары, соғыс ардагерлері және басқа санаттар. Мұндай азаматтардың толық тізбесі Салық кодексінің 346-бабында көрсетілген.

  • Қайда жүгіну керек?

 

  БЗТ бойынша салық салынатын табысты айқындау кезінде стандартты салық шегерімдері қолданылмаған зейнетақы төлемдерін алушылар, оларды қолдану құқығы болған жағдайда, кірістерді қайта есептеу және ЖТС өтеу үшін стандартты салық шегерімдерін қолдануға өтінішпен және растайтын құжаттармен БЖЗҚ-ның жақын жердегі филиалына шұғыл түрде жүгінуі қажет.

 

 

  • Уақытылы өтініш жасаған жағдайда, ЖТС қалай қайтарылады?

 

Стандартты салық шегерімі қолданылғаннан кейін, бұған дейін ЖТС ұсталған болса, ол алушының жеке зейнетақы шотына қайтарылады. Егер ЖТС төлеу кейінге қалдырылған болса, онда ай сайынғы зейнетақы төлемдерін алған кезде оны төлеуге қатысты міндеттеме алынып тасталады.

 

  • Өзгерістер қай уақытқа дейін әрекет етеді?

Аталған өзгерістер 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) қолданыста болады, өйткені 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Ал талап ету мерзімі қайтадан 3 (үш) жыл болады.

Сондықтан 2021-2022 жылдары БЗТ жүзеге асырған және стандартты салық шегерімдерін қолдануға құқығы бар барлық салымшылар мен алушыларға осы құқықты кейінге қалдырмай, уақытында пайдалануға кеңес береміз!

Сұрақтар туындаған жағдайда 8 (727) 356 10 60 (қалааралық және халықаралық қоңыраулар), 1418 (Қазақстан бойынша тегін) нөмірлері бойынша байланыс орталығына хабарласуға болады.

 

 

 

 

[1] Айлық есептік көрсеткіш

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulken-naryn/press/news/details/1045889?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді