
19 маусым күні Шымкент қаласының Астана алаңында қала күніне орай «Той думан fest» фестивалі жоғары деңгейде өтті. Аталмыш шара Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен Қала күні мерекесіне орай ұйымдастырылды.
Фестивалге 150 мыңға жуық қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Фестиваль аясында 100-ге жуық танымал эстрада жұлдыздары мен жас өнерпаздар бір сахнада өнер көрсетті. Кештің басты жаңалығы – 500 дроннан құралған ерекше DRONE SHOW болды. Бұл көрініс көрермендерге әсерлі мерекелік көңіл-күй сыйлап, қала аспанын жарқыраған көріністермен көмкерді.
Айта кетерлігі, шоу кезінде дрондар көмегімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалып, жаңа рекорд орнатылды.
Бұл кеш Шымкенттің жаңашыл рухын паш еткен ерекше шоу ретінде көптің есінде қалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-til/press/news/details/1045998?lang=kk
Жауап қалдыру