
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:«Тазалық әр адамнан, әр үйден басталуы керек. “Таза Қазақстан” – бұл бір күндік науқан емес, бұл – өмір салтымыз», – деп атап өткен еді.
2024 жылдың сәуірінде басталған «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық акциясы биыл да өз жалғасын тапты. Аудан тұрғындары бұл бастамадан қалыс қалмай, сенбілік шараларына белсене қатысуда.
Мекеме қызметкерлері, жастар мен еріктілер қала мен ауылдарда тазалық жұмыстарын жүргізуде. «Amanat» партиясының аудандық филиалы мен «Жастар рухы» ұйымының мүшелері «Даңқ» монументі, саябақтар мен «Тамды» өзені бойын тазалады.
Қызыләуіт ауылдық округінде де ауқымды жұмыс атқарылды. Ауыл кіреберісіндегі «Жасыл белдеуде» 450-ге жуық ағаш отырғызылып, мекеме аумақтары тазартылды. «Таза like» акциясы аясында күл-қоқыс арнайы орындарға шығарылды.
Тазалық – ортақ талап. Акция ел ішінде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1045975?lang=kk
Жауап қалдыру