Теміржолшылар күні құтты болсын!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті аудан тұрғындары!
Қадірменді теміржол саласының ардагерлері мен қызметкерлері!

Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңіз – Теміржолшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Теміржол – ел экономикасының күре тамыры саналатын, жолаушылар мен жүк тасымалының қатынас құралы ретінде стратегиялық маңызы зор сала. Теміржолшы болу – жоғары жауапкершілік пен кәсіби біліктілікті, қажыр – қайрат пен ерекше еңбекқорлықты талап етеді.

Бүгінде ауданымыздағы бірқатар елді мекен тұрғындары теміржол саласында табанды еңбек етіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып келеді. Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен адал еңбектеріңіз шынайы құрмет пен ізгі ілтипаттарға лайықты деп білемін.

Осынау мерейлі мерекелеріңізде баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға баянды бақ – береке, еңбектеріңізге толағай табыс пен сәттілік тілеймін. Егемен еліміздің өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!

Құрметпен,
Шет ауданының әкімі
М. Мұхтаров

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1045802?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді