«Үздік педагог – 2025»: Қалалық кезең қорытындыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📚Орал қаласында білім беру саласының үздіктерін анықтайтын «Үздік педагог – 2025» байқауының қалалық кезеңі өз мәресіне жетті. Бұл байқау педагог мәртебесін көтеру, кәсіби шеберлікті насихаттау және озық тәжірибені тарату мақсатында жыл сайын ұйымдастырылады.

«Үздік педагог» атағы конкурс негізінде, кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар, штаттағы мұғалімдерге беріледі. Конкурс үш кезеңнен тұрады: аудандық/қалалық, облыстық және республикалық. Байқау Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 24-бабы, 24-тармақшасы және ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы №12 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

2025 жылғы 25 маусымдағы Орал қаласының білім беру бөлімінің №20-3-20-7/4341-И хаты негізінде бастау алған қалалық кезеңге 23 үміткерден өтініш қабылданды. Әрбір қатысушыға үш сарапшыдан тағайындалып, олардың құжаттары мен материалдары uzdikustaz-nobd.edu.kz платформасында қаралды. Сарапшылар жеке электронды қолтаңба арқылы әділ бағасын берді.

Байқау қорытындысы бойынша үздіктер қатарынан көрінгендер:
– Ишангалиева Жазира Наурзбаевна – М.Мәметова атындағы №27 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер;
– Қырықбаев Нұрбол Мұсаұлы – Оқушылар сарайының бөлім басшысы, «Робототехника-Senior» үйірмесінің жетекшісі.

Аталған педагогтер «Үздік педагог – 2025» атағын жеңіп алып, облыстық кезеңге жолдама алды. Сонымен қатар байқау нәтижесі бойынша жоғары балл жинаған алты педагог жүлдегер атанды:
– №35 мектеп-лицейінің мұғалімі Кереева Нүргүл Жасқайратқызы
– Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының мұғалімі Туребаев Арген Маратович
– №40 мектептің мұғалімі Байгубенова Жанаргүл Мұрзабаевна
– Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының мұғалімі Қуанғалиева Гүлзира Мендіғалиевна
– М.Мәметова атындағы №27 мектеп-лицейінің мұғалімі Бисенғалиева Айгүл Қайыржановна
– №23 мектептің мұғалімі Палиева Зоя Владимировна

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-oral/press/news/details/1045646?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді