
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған “Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі” ұлттық іс-шаралар жоспары аясында Жетісу облысының полиция департаменті 16 жасқа толған азаматтарды құжаттандыру бағытында жүйелі әрі мазмұнды жұмыстар атқаруда.
Жыл басынан бері өңір аумағында жалпы саны 50 067 жеке куәлік ресімделсе, оның 7429-ы алғаш рет құжат алған жасөспірімдерге берілді. Бұл – кәмелет жасына қадам басқан әрбір жас азамат үшін жауапкершілік пен құқықтық сананың бастауы. Құжаттандыру рәсімдері қолданыстағы заңнама талаптарына толық сәйкес жүргізіліп, азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған.
Әсіресе 16 жасқа толған жасөспірімдерге жеке куәліктің уақытылы берілуіне ерекше мән беріледі. Себебі дәл осы жастан бастап олар ел өміріндегі құқықтық, азаматтық және саяси үдерістерге ресми түрде қатысуға мүмкіндік алады. Ата Заңымыздың мерейтойына орай іске асырылып жатқан бұл игі бастама жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін көтеріп, азаматтық жауапкершілікке баулуда ерекше рөл атқарып отыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1045898?lang=kk
Жауап қалдыру