
📌 2025 жылғы 6 тамыз күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің өкілі, Алматы қаласы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы және Алматы қаласы Білім басқармасының қызметкерлері бірлесіп, жаңа 2025–2026 оқу жылына дайындық аясында бірқатар білім беру ұйымдарында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.
🔍 Іс-шараның негізгі мақсаты – мектептер мен балабақшаларда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының сапасын, оқу кабинеттерінің жай-күйін, санитарлық талаптардың орындалуын және жалпы қауіпсіздік деңгейін бағалау болды.
🏫 Атап айтқанда, №161 мектеп-лицей, №33 мектеп-лицей, №216 “Жайлы мектеп” және №87 Бөбекжай балабақшасында жүргізіліп жатқан дайындық жұмыстары қаралды. Мониторинг барысында ғимараттардың техникалық жағдайы, оқу процесіне қажетті инфрақұрылымның әзірлігі, өрт қауіпсіздігі мен санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы назарға алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-almaty/press/news/details/1046668?lang=kk
Жауап қалдыру