
Ақтөбедегі Триатлон саябағында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ерекше форматтағы караоке кеші өтті.
Кеш барысында ақынның әндері шырқалып, жас та, жасамыс та Абай шығармашылығына шынайы құрметін білдірді. Облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан бастаған басқарма басшылары саябақ демалушыларымен бірге, сүйікті туындыларын оқып, рухани әсерге бөленді. Кейбір қатысушылар ақынның қара сөздерінен үзінділерді жатқа айтты.
Әдеби караоеке кешінің шарықтау шегі – «Көзімнің қарасы» және «Желсіз түнде жарық ай» әндерін бүкіл тұрғын бірге орындаған сәт болды. Бұл көрініс жиналған жұртты терең тебірентіп, көпшіліктің жүрегіне жылы сезім ұялатты.
Караоке кеші тек өнер мерекесі ғана емес, ұлт руханиятына деген құрметтің көрінісі болды. Ұйымдастырушылар караоеке кеші 10 тамызда аяқталатынын мәлімдеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-arhiv/press/news/details/1046473?lang=kk
Жауап қалдыру