Астанада Төле би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласының Көлік және көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Төле би көшесінің Р.Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі аралығын салу жобасы аясында инженерлік желілерді салу және Төле би мен Орынбор көшелерінің қиылысында жол салу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты биылғы жылдың 7 тамызы мен 1 қыркүйегі аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы толықтай жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы сызбада көрсетілген бағытпен ұйымдастырылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1046563?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді