
2025 жылғы 11 тамыз күні сағат 10.00-да VІІІ сайланған Аққулы аудандық мәслихатының ХХХІV кезектен тыс сессиясы шақырылады.
Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады:
- Аққулы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған Аққулы аудандық бюджеті туралы» № 121/28 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Аққулы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы «Аққулы ауданының ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы» №123/29 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Аққулы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 15 қарашадағы «Аққулы ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» № 120/22 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-akkuly/press/news/details/1046374?lang=kk
Жауап қалдыру