
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс 23 сессиясы өтті. Сессия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары, аудандық бөлімдер мен мекемелердің басшылары, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Н. Хайруллин өткізді.
Күн тәртібінде Бәйтерек ауданы мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 25-2 «Бәйтерек ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Бәйтерек ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11-3 «Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Барлық 2 мәселе аудандық мәслихаттың кезектен тыс 23 сессиясында қаралып, бекітілді.
Сессия отырысы Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетілді https://www.facebook.com/share/p/16gY4TFhDa/

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-bayterek/press/news/details/1046784?lang=kk
Жауап қалдыру