
Департаменттің Шу және Қордай аудандық бөлімшелерінің қызметкерлері үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы»» КЕАҚ үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлім басшысының м.а. Усубалиева Шолпан Тлеумұратқызы және осы бөлімінің бас маманы Абдраимова Алтынай Алғабайқызы зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Электрондық іс макеттерін қалыптастыру, оларды департаментке жіберу мерзімдерін сақтау барысында туындайтын проблемалық мәселелер жария етілді.
Бұл жұмыс мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету үшін қажетті ақпараттық сауаттылықты арттыру мақсатында тұрақты негізде жүргізіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1046698?lang=kk
Жауап қалдыру