Балмұздақ сатып алғанда азық-түліктен уланудан қалай сақтануға болады

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Жаз мезгілінде балмұздақ – ең танымал десерттердің бірі. Ол сергітіп қана қоймай, жағымды әсер сыйлайды. Алайда бұл зиянсыз көрінетін өнім, сақтау немесе дайындау шарттары бұзылған жағдайда, денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін екенін көпшілік ескере бермейді.
Балмұздақтың құрамында бактериялардың көбеюіне қолайлы орта болып табылатын сүт өнімдері болады. Әсіресе өнім бірнеше рет қайта мұздатылған, антисанитарлық жағдайда дайындалған немесе дұрыс температурада сақталмаған болса – оны тұтыну аса қауіпті. Көше сатушылары жиі жағдайда су және кәріз жүйесіне қосылмаған, бұл болса санитарлық нормалардың бұзылуына әкеледі. Сонымен қатар, мұндай жағдайда өнімнің шығу тегі мен дайындалу шарттары беймәлім болып қалады.
Сатылар алдында дайындалатын жұмсақ балмұздақ мүлде ұзақ сақтауға арналмаған, оны дереу жеу қажет. Мұндай балмұздақ санитариялық талаптарға өте сезімтал. Ал қатырылған балмұздақ -18°С төмен температурада сақталуы тиіс. Температураның өзгеруі, әсіресе еріп, кейін қайта мұздауы – бактериялардың көбею қаупін едәуір арттырады.
Сақтау талаптарының бұзылғанын байқау оңай: балмұздақ пішінін жоғалтады, үсті мұз болып жабылады, дәмі мен иісі өзгеруі мүмкін. Қаптамасы да ескерту белгісі бола алады – егер ол ісініп немесе зақымданған болса, өнімнен бас тартқаныңыз жөн.
Балмұздақтың қауіпсіздігі оны сату жағдайларына да байланысты. Сенімді дүкендер мен супермаркеттер санитариялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді, ал көшеде рұқсатсыз сатылатын өнімдерде бұл талаптар жиі сақталмайды. Сонымен қатар, мұздатқыштардың тазалығына және сатушылардың жеке гигиенасына да мән беру маңызды.
Балмұздақ – қуаныш сыйлайтын өнім болуы керек, ауру көзі емес. Оны сатып аларда қарапайым сақтық шараларын сақтап, жаздың қызығын денсаулыққа зиян келтірмей-ақ көруге болады.
Жазыңыз дәмді әрі қауіпсіз болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1046781?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді