
Түркістан облысы әкімінің орынбасарымен өткізілген жиналыста білім беру объектілерінің өрт қауіпсіздігі талқыланды.
Түркістан облысы әкімінің орынбасарының төрағалығымен және қала аудан әкімі орынбасарларының қатысуымен білім беру объектілерінің жай-күйі туралы жиналыс өткізілді. Аталған жиналыста Түркістан облысы білім басқармасының бастығы және қала, аудан білім бөлімдерінің басшыларымен білім беру объектілерінің өрт қауіпсіздігі талқыланды. Жиналыс барысында білім беру объектілерінің өрт автоматикасы жүйелерінің жарамсыздығы және оларды жою бойынша мәселе көтерілді. Жиналыстың қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары Түркістан облысы білім басқармасы мен қала, аудан әкімдеріне білім беру объектілерінің өрт автоматикасы жүйелерін қалпына келтіру бойынша нақты тапсырмалар берді.
Түркістан облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1046846?lang=kk
Жауап қалдыру