Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі және жылжымалы қабылдау акциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қала прокуратурасының бастамасымен 2025 жылы 6 тамызда «Заң мен Тәртіп» және «Жұмысшы мамандықтары жылы» қағидаты аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі мен жылжымалы азаматтарды қабылдау акциясы ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеге қаладағы ірі кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерден 20-дан астам жұмыс беруші қатысып, әртүрлі сала бойынша 800-ге жуық тұрақты және 2000-ға жуық субсидияланатын бос жұмыс орындары ұсынылды.
Акция барысында 150-ден астам тұрғын өз өтініштерін білдіріп, оның ішінде 64 тұрақты жұмысқа, 23 субсидияланған жұмыс орындарына, 8 кәсіптік оқытуға жолданып, 28 тұлға жұмыс іздеуші ретінде тіркелді.
Жылжымалы қабылдауғада 200-ге жуық қала тұрғындары қабылдауға келіп, олардың басым бөлігіне сол жерде құқықтық кеңес берілді, кейбір мәселелер жедел шешімін тапты.
Аталған іс-шара қоғаммен тиімді кері байланысты қамтамасыз етіп, халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға, әлеуметтік мәселелерді шешуге және мемлекеттік органдардың ашықтығын нығайтуға бағытталды.
Осындай іс-шаралар айына 2 рет өткізілетін болады.
Қала прокуратурасымен бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табады.

Шымкент қаласының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/1046863?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді