Бостан ауылы тұрғындарының жайылымдық Фжер мәселесі шешімін тапты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Кербұлақ ауданының әкімі Қанат Есболатов Бостан ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде жайылымдық жер мәселесі талқыланды.

Ауыл тұрғындары өздеріне жайылымдық жер ретінде берілген тау бөктеріндегі 1009 гектар жердің алыс болғандығы мал жайылымы үшін қиындық туғызып отырғаны туралы мәселе көтерді.

Осы мәселені шешу мақсатында аудан әкімі жиын барысында ауыл маңында 546 га жері бар жеке шаруашылық иесіне нақты ұсынысын жеткізді. Яғни жер иесі тау бөктеріндегі жердің 546 гектарына өз жерін ауыстыруға келісімін берді. Сөйтіп жайылымдық жер мәселесінде тараптар ортақ шешімге келді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/1046862?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді