
«Бұл жұмысшылар мен жұмыс берушілер үшін жарналарды ұлғайтпауға және ұзақ мерзімді перспективада медициналық көмек жүйесін қолдауға мүмкіндік береді. Кезең-кезеңмен арттыру нәтижесінде мемлекет жарналарының мөлшерлемесі ағымдағы жылғы 2% – дан 2037 жылы 4,7% – ға дейін өседі, бұл денсаулық сақтау жүйесіне 2,8 трлн қосымша қаражат алуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті спикер.
Ал, 2026 жылдан бастап ай сайынғы табыстың жоғарғы шегі ұлғаяды, одан жарналар мен аударымдар есептеледі: жұмыс берушілер үшін 10- нан 40 ЕТЖ-ға дейін; қызметкерлер үшін 20 ЕТЖ-ға дейін.
«Былай алып қарайтын болсақ, бұл МӘМС жүйесіне жоғары ақы алатын қызметкерлердің жарналары мен аударымдарын төлеу бойынша жеңілдіктердің күшін жою болып табылады», – деді спикер.
Норма жылына қосымша 200 млрд теңге жинақтауға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kosshy/press/news/details/1046398?lang=kk
Жауап қалдыру