Омбыда Шығыс Қазақстан мен Ресей Федерациясының Омбы облысы арасындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 2 тамыздағы Шығыс Қазақстан облысы делегациясының Омбы қаласына сапары аясында Ресей Федерациясы Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценкомен кездесуі өтті. Кездесу барысында келесі стратегиялық бағыттар бойынша мәселелер қаралды: Ертіс өзені арқылы кеме қатынасын дамыту, инвестиция тарту, туризм мен экология, спорт және жастар саясаты. Тараптар экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік және мәдени байланыстарды одан әрі нығайтуға өзара қызығушылық білдірді.

Сондай-ақ келесі мәселелер талқыланды: жастар бастамаларын жандандыру; мәдени-тарихи туризмді дамыту бойынша бірлескен жұмыс тобын құру; 2028 жылға дейінгі ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған екіжақты іс-шаралар жоспарын әзірлеу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1046623?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді