Жалпы мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес дербес
бөлімдермен бекітілген мемлекеттік сатып жоспарына сәйкес 1777 сатып алу жоспарланған.
Сатып алу жоспарына сәйкес келесідей тәсілдермен сатып алуды жүзеге асыру қарастырылған:
– ашық конкурстар саны – 64 бірлік;
– рейтингтік балдық жүйе – 15 бірлік;
– тұрғын үй сатып алу – 30;
– әлеуметтік тапсырыс – 14;
– баға ұсынысымен сатып алу, электронды дүкен тәсілімен және бір көзден сатып алу тәсілдерімен – 1654 бірлік.
Жалпы ағымдағы жылы мемлекеттік сатып алудың барлық көздеріне қарастырылған қаржы көлемі 1 млрд. 928 млн. 124 мың теңге (облыстық бюджетті қоса есептегенде).
Бөлімдермен мемлекеттік сатып алу порталға жариялау жұмыстары жүргізілуде.
Жоғарыда аталған сатып алу бойынша ағымдағы жылдың 01 тамызына дейін бөлімдермен 1622 мемлекеттік сатып алу жүргізілген немесе жалпы жоспардың 91,2 % құрайды.
Жүзеге асырылмай, яғни өтпей қалған мемлекеттік сатып алулар саны 9 бірлік және бұл сатып алулардың 5-не сатып алу колнкурсы қайта берілді, 4 сатып алу бойынша сатып алу 4 және 5 тамыз күндері қайта беріледі.
Бір мемлекеттік сатып алу бойынша сотқа апеляция берілді.
Ағымдағы жылды бюджетті 2-ші нақтылауда 7 бөлімге 52 іс-шараға 217 507 мың теңге бөлінген болатын. Кестеге сәйкес берілген қаржылар бойынша бүгінгі таңда 52 сатып алудың 33 бойынша келісім шарт жасалынды, 18 сатып алу қайта жарияланды және 5 сатып алу бойынша жарияланбаған.
Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік ішкіт аудит Департаменті ережелермен талаптарға сүйене отырып ағымдағы жұмыстарға кепілдік мерзімін 12 айға дейін қою бойынша ескертпелер жіберіп және орындалуын қадағалап отыр.
Мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізу барысында сатып алынантын тауарлар, жұмыстар және қызметтердің техникалық ерекшеліктерін дайындауда аса мән берулеріңізді сұраймын. Сондай-ақ квалификациялық талаптарын дайындау кезінде де.
Мемлекеттік сатып алуларды жылдық жоспарда көрсетілген мерзімінде өткізу қажет.
Мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері бойынша өткізу мерзіміне және талаптарына өзгерістер енгізілген.
Әріптестер мемлекеттік сатып алуларды өткізуде заңдылықтың және мемлекеттік сатып алу тәртіптерін сақталуына мән берулеріңізді сұраймын.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/goszakup-priozersk/press/news/details/1046827?lang=kk
Жауап қалдыру