
Егер сіз Біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) тұрғын үй сатып алуға немесе емделуге пайдаланған болсаңыз және сол сомаға ЖТС (жеке табыс салығы) ұсталса – сіз үшін маңызды жаңалық бар!
Егер сіз әлеуметтік осал санатқа жататын болсаңыз, ұсталған ЖТС қайтаруға құқығыңыз бар.
Ең бастысы – өтініш беру мерзімі 5 жылға дейін ұзартылды!
(бұрын 3 жыл болатын – көп адам үлгермей қалған)
Кімдер салықты қайтара алады?
Егер сіз төмендегі санаттардың біріне кірсеңіз:
•1, 2 немесе 3 топтағы мүгедектігі бар адам
•Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-ана, қорғаншы немесе қамқоршы
•Асырап алушы
– Соғыс ардагері (толық тізбесі Салық кодексінің 346-бабында көрсетілген)
Салықты қалай қайтаруға болады?
•Жақын жердегі БЖЗҚ филиалына барыңыз;
•Өтініш толтырыңыз;
•Құжаттарыңызды өткізіңіз;
•Егер салық бұрын ұсталған болса, ЖТС жеке зейнетақы шотыңызға қайтарылады.
Ал егер салық кейінге қалдырылған болса, оны төлеудің қажеті болмайды.
Мерзімі – 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді.
Толығырақ – enpf.kz сайтында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/1046534?lang=kk
Жауап қалдыру