
Исламабад, 2025 жылғы 6 тамыз – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Исламабадтағы Халықаралық ислам университетінің (IIUI) жаңадан тағайындалған Президенті Саад Аль Ахмед мырзамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Елші Е.Қыстафин Саад Аль Ахмед мырзаны жаңа қызметімен құттықтап, оның басшылығымен Университет пен қазақстандық тарап арасындағы, соның ішінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезімен, сондай-ақ Қазақстан ЖОО-ларымен ынтымақтастық жалғасып, нығая түсетініне сенім білдірді. Елші Президентке Съезд тарихы мен негізгі бағыттары туралы ақпарат беріп, Университет басшылығының бұл халықаралық бастамаға тұрақты қолдау көрсетіп, белсенді қатысып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, алдағы VIII Съезге қатысуға ресми шақыруды табыстады.
Өз кезегінде, Саад Аль Ахмед мырза шақыруды қабыл алып, қазақстандық тараппен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілік білдірді.
Кездесу аясында тараптар екі ел университеттері арасындағы әріптестік қарым-қатынастар орнату перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, IIUI базасында қазақстандық жоғары оқу орнымен бірлесіп зерттеу орталығын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1046856?lang=kk
Жауап қалдыру