
Қонаев қаласында Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті, қалалық әкімдік және білім бөлімі арасында үшжақты меморандумға қол қойылды.
Құжатқа қала әкімі Асхат Бердіханов, университет ректоры Дархан Ақпанбетов және қалалық білім бөлімінің басшысы Қаламқас Қойшыбаева қол қойды.
Меморандум аясында Қонаев қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті мамандарды даярлау, мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру, дуалды оқытуды ұйымдастыру және басқа да маңызды шараларды жүзеге асыру жоспарланған.
Университет тарапынан қала мектептерінің үш түлегіне білім гранттары табысталды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1046608?lang=kk
Жауап қалдыру