Қызметтік этика және құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша семинар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

30 шілде күні Батыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасының мемлекеттік қызметшілеріне арналып, бірқатар өзекті тақырыптарды қамтыған семинар ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты —
▪️ мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысуына жол бермеу,
▪️ интернет арқылы заңсыз ойындарға қатысудың алдын алу,
▪️ деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтау,
▪️ сондай-ақ әйелдерге қатысты кемсітушілік пен жыныстық қудалауға жол бермеу болды.

Кездесуді БҚО әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Айман Рафиқовна Хайруллина ұйымдастырды.

Спикерлер қатарында:
▪️ ҚР Қаржы министрлігі Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің БҚО бойынша аға тергеушісі Лаура Нұрланқызы Уразғалиева,
▪️ Дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы, дінтанушы Бағдат Қанатұлы Адайхан болды.

Қатысушылар семинар барысында пайдалы ақпарат алып, туындаған сұрақтарына жауап алды.

Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілер арасында заңдылықты сақтау, әдеп нормаларын нығайту және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында маңызды рөл атқарады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-veterinaria/press/news/details/1046416?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді