2025 жылдың 6 тамызында ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар аясында зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың салтанатты ашылуы өтті.
Кітапхана «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен «Кемелді қадам» қоғамдық қорының қолдауымен, «Абай облысы кітапханаларын заманауи стандарттарға сай жаңғырту» жобасы аясында салынды.
Аталған кітапхананың ашылуы — қоғамдағы инклюзияны дамыту жолындағы маңызды қадам. Бұл жоба арқылы көру қабілеті шектеулі азаматтардың білім алуға, рухани дамуға тең мүмкіндіктерге ие болуына жол ашылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/semeymaslihat/press/news/details/1046731?lang=kk
Жауап қалдыру