ТАРИХИ АТАУЛАР ҚҰЖАТ ЖҮЗІНДЕ РӘСІМДЕЛМЕК

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Егер сіз далалық жерде яки, өзен-көлді жағалып, тау-тасқа көп саяхат жасауды жаныңыз сүйетін адам болсаңыз сіз үшін жақсы жаңалық бар. Әдетте, қалаға барған уақытта көздеген мекен-жайға тура бару үшін смартфонымыздағы «2gis» электронды бағдарламасын қолданатынымыз рас. Ал, даңғайыр далада жолдың жөнін кімнен сұраймыз? Шыбыртқысын сүйреткен шопаннан ба, әлде, дала кезген дәруіштен бе?
Ауданымызға “Онамастр одағының” басқарма төрайымы, республикалық онамастикалық комиссия мүшесі Гүлнұр Бекенова келіп, аудан әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов және аудандық ақсақалдар алқасы мүшелері, сонымен бірге аудан тарихшыларымен өлкетанушыларының қатысуымен жиын өткізді.
Кездесуде Республикалық онамастикалық комиссия мүшесі Гүлнар Шипқызы “Тарихи-диахрониялық әдісті қолдану арқылы онамастикалық атауларды жүйелендіру қызметы” атты жобаның жұмысымен таныстырды.
Жобаның мақсаты мемлекеттік каталогтағы ескертілген географиялық атаулар жиынтығының орналасқан жері бойынша талқылап, анықтама беру. Нақтылап айтқанда, өлкеміздегі ауыздан ауызға тарап, қате атаумен аталып кеткен немесе бұрыңғы уақытта орыс тілімен атау алған жер, су аттарының негізгі тарихи атауына тоқталып, құжат жүзінде рәсімдеу.
Гүлнар ханым осы жұмыстар нәтижесінде 2gis бағдарламасы іспетті Dalagis бағдарламасы ел игілігіне ұсынылатынын айтты.
Қ.ЖЕҢІСҰЛЫ
“СЫРЫМ ЕЛІ”

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1046340?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді