
“Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы” Конституциялық заң нормаларына сәйкес мен ішкі істер органдарының арнаулы мекемелеріне үнемі мониторинг жүргізіп отырамын.
1999 жылғы 30 наурыздағы № 353-I Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, арнаулы қабылдау орны болмаған немесе онда орындар болмаған не арнаулы қабылдау орнының шалғайлығынан немесе тиісті қатынас жолдарының болмауынан оған жеткізу мүмкін болмаған жағдайларда әкімшілік қамауға алынған адамдарды қабылдау-бөлу орнында немесе уақытша ұстау изоляторында ұстауға жол беріледі.
Облыс полиция бөлімдерінің уақытша ұстау изоляторларында ұстау үшін ең төменгі жағдайлар жасалған, дайын тағамды қыздыруға арналған бөлмелер жабдықталған, ыдыс-аяқ бар, медицина қызметкерінің кабинеті бар. Берілген ұсынымдар негізінде белгілі бір шаралар қабылдануда: жарықтандыру жақсаруда, жөндеу жұмыстары жүргізілуде, таза су сүзгілері орнатылған, бейнебақылау жүйесі жаңартылуда және басқа да шаралар атқарылуда.
Тимирязев және Қызылжар аудандарының полиция бөлімдерінің уақытша ұстау изоляторларына бардым.
Қызылжар аудандық уақытша ұстау изоляторындағы жағдайға қатысты кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ ҰУИ қызметін реттейтін ІІМ бұйрықтарының талаптарына сәйкес үй-жайларды келтіру жөнінде ұсынымдар енгізілді.
Халықаралық нормаларға сәйкес, уақытша ұстау изоляторларындағы ұстау жағдайлары гигиена, қауіпсіздік және денсаулықтың ең төменгі стандарттарына сәйкес келуі тиіс екенін еске саламын. Камералар жеткілікті жарықтандырумен, желдетумен және жылыту жүйесімен жабдықталуы, сондай-ақ бір адамға қажетті аудан мөлшеріне сай болуы қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-sko-oblysy/press/news/details/1046841?lang=kk
Жауап қалдыру