Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлының төрағалығымен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мәселелері бойынша комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиын барысында 2025 жылдың 7 айында атқарылған жұмыстардың есебі мен көрсеткіштері таныстырылып, негізгі мәліметтер ортаға салынды. Атап айтқанда, 2025 жылдың қаңтар–шілде айлары аралығында Түркістан қаласында атаулы әлеуметтік көмек алушы азаматтар саны 7 581 адамды құрады. Бұл – қала халқының жалпы санының 3,1 пайызын, яғни 241 222 адамды құрайды. Салыстырмалы түрде алғанда, бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 58 пайызға төмендеген. Бұл әлеуметтік көмекті шынайы мұқтаж жандарға бағыттау жұмыстарының нәтижесі екенін көрсетеді. 2025 жылдың үшінші тоқсанында АӘК алу бойынша 1 387 өтініш қабылданып, оның 626-сына әлеуметтік көмек тағайындалған. Ал 761 өтінішке белгіленген тәртіпке сәйкес негізсіздігіне байланысты бас тартылған. Комиссия отырысында учаскелік комиссиялар жұмысының маңыздылығы атап өтіліп, әрбір өтініш беруші отбасының нақты тұрмыстық жағдайына терең талдау жасау, шынайы мұқтаждық деңгейін анықтау қажеттігі баса айтылды. Сонымен қатар, көмекті әділ, ашық және тиімді тағайындау – жергілікті атқарушы органдардың басты міндеттерінің бірі екені ескертілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласында облыстық чемпионаттың аймақтық іріктеу кезеңі басталды. Аталған додаға облыстың әр ауданынан келген әуесқой командалар қатысуда.
Жарыстың ашылу салтанаты О.Жарылқапов атындағы стадионда өтті. Іс-шараға Түркістан облысы мәслихатының төрағасы, облыстық футбол федерациясының президенті Нұралы Әлмаханұлы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Батырханұлы, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Чемпионаттың алғашқы күнінде төмендегідей нәтижелер тіркелді:
• Кентау – Созақ: 1 – 3
• Отырар – Сауран: 1 – 4
Аймақтық іріктеу кезеңі футбол бәсекесімен қатар, өңірлер арасындағы достықты нығайтып, жанкүйерлік мәдениетті арттыруға бағытталған.
Келесі ойындар 6 тамыз күні сағат 16:00-де О.Жарылқапов атындағы стадионда өтеді.
Барлық жанкүйерлерді ойынды тамашалауға шақырамыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1046163?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді