В Карасайском районе строится Центр обслуживания молодежи

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жастардың өзін-өзі дамытуына, білім алуына және өңірдің қоғамдық өміріне белсене қатысуына қолайлы жағдай жасау – жергілікті атқарушы органдардың басым бағыттарының бірі болып табылады. Осы бағыттағы жұмыстар аясында Қарасай ауданының Қаскелең қаласында Жастарға қызмет көрсету орталығының (ЖҚКО) құрылысы басталды.

Аталған орталық жастарды кешенді түрде қолдауға бағытталған көпфункционалды алаң болады. Мұнда сапалы білім алуға, шығармашылық әлеуетті дамытуға, еріктілік қызметке және бос уақытты тиімді ұйымдастыруға байланысты қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар, жұмыспен қамту мен тұрғын үй мәселелерін шешуге де баса назар аударылатын болады.

Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың маусым айында басталды. 2024 жылдың сәуір айында бірқатар объективті себептерге, соның ішінде қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты жоба уақытша тоқтатылған. Биыл көктемде құрылыс қайта жанданды. Жобаның жалпы құны – 420 миллион теңгені құрайды.

Нысан аудандық құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша салынуда. Ғимарат жертөле мен екі қабаттан тұрады, онда түрлі функционалдық аймақтарды орналастыру көзделген. Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, жертөле қабатында гардероб, 12 адамға арналған шешінетін бөлме, санитарлық тораптары мен душ бөлмелері бар спорт залы, сондай-ақ хореография залдары орналастырылады.

Бірінші қабатта қабылдау бөлімі, психологиялық көмек көрсету орталығы, 43 орындық конференц-зал, робототехника шеберханасы қарастырылған. Барлық бөлмелер қажетті жиһазбен, кеңсе техникасымен және компьютерлік жабдықтармен толық қамтылады.

Екінші қабатта коворкинг аймағы, компьютерлік курстарға арналған оқу сыныбы, кофе-бар, ойын және шығармашылық кеңістіктер – үстел ойындарына арналған бөлме мен қолөнер шеберханасын орналастыру жоспарланған. Сонымен қатар, Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естеновтың тапсырмасына сәйкес, жастарға түрлі бағытта кәсіби көмек көрсете алатын мамандар жұмыс істейтін кабинеттер санын арттыру мақсатында жобалық шешімдерге бірқатар өзгерістер енгізу көзделуде.

«Азамат құрылыс» ЖШС мердігер ұйымының мәліметінше, бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстарының елеулі бөлігі аяқталған. Құрылысты толық аяқтағаннан кейін нысан маңындағы аумақ абаттандырылып, қоршалатын болады. Объектіні пайдалануға беру 2025 жылдың қараша айына жоспарланған.

Аталған жобаның жүзеге асырылуы Қарасай ауданындағы жастар инфрақұрылымын дамытуға зор үлес қосып, жастардың заманауи білім беру, мәдени және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ететін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1046670?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді