ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЖАҚЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қала аумағындағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық маңызы зор нысандарды аралау барысында бой көтеріп жатқан жаңа мәдениет үйінің құрылыс барысымен танысты.
Қазіргі таңда Түркістан қаласы әкімдігінің Құрылыс бөлімінің тапсырысы негізінде салынып жатқан мәдениет үйінде құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Жоба аясында 500 орындық көрермен залы бар, заманауи талаптарға сай, көпфункционалды мәдениет ошағы бой көтеруде. Құрылыс-монтаж жұмыстары мен ғимаратта әрлеу, абаттандыру және ішкі инженерлік жүйелерді орнату жұмыстары толық аяқталған. Қазіргі таңда кемшіліктерді ретке келтіру, қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары атқарылуда.
Әзімбек Пазылбекұлы құрылыс сапасына ерекше мән беріп, мердігер мекеме өкілдеріне барлық техникалық талаптар мен қауіпсіздік нормаларын сақтап, тиісті деңгейде атқаруды тапсырды. Сонымен қатар, нысанды белгіленген мерзімде халық игілігіне беру қажеттігін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1046174?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді